Қазақстан және Қырғызстан:
02.03.2021
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел арасындағы сенімді байланыстарды одан әрі кеңейтуді жақтайтын бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Қырғызстан басшысы Қазақстанға 3 наурызға дейін жалғасатын ресми сапармен келді. 2 наурызда көрші мемлекеттер басшылары арасында келіссөздер өтті. "Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз-қазақ достық қатынастарын, стратегиялық әріптестік пен одақтастықты тең құқықтық, өзара сенім, құрмет және бір-бірінің мүдделерін есепке алу негізінде кешенді нығайтуға бағытталған бағыттың мызғымастығын растайды", - делінген қырғыз көшбасшысының баспасөз қызметінің хабарламасында Көшбасшылар сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қатынастарды одан әрі кеңейтудің, тауарлар мен қызметтердің өзара саудасы құрылымының өсуі мен әртараптандырылуын қамтамасыз етудің ерекше маңыздылығын растайды. Өнеркәсіпте, су энергетикасында, отын-энергетикалық кешенде, жер қойнауын пайдалануда, ауыл шаруашылығында, қайта өңдеу секторында, логистика саласында, жол-көлік инфрақұрылымында және банк саласында кооперациялық жобаларды іске асыруға бағытталған іскерлік байланыстарды жан – жақты кеңейту қажеттігін атап көрсетеді, - делінген құжатта. Бұдан басқа, тараптар Еуразиялық экономикалық интеграция шеңберінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастырудың, оның ішінде кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен еңбектің ортақ нарықтарын толық көлемде ашуға бағытталған шараларды пысықтаудағы маңыздылығын атап өтеді. Екі елдің үкіметтеріне Қырғызстан мен Қазақстан аумағы арқылы бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында тауарлардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін Қырғыз-Қазақ мемлекеттік шекарасында логистикалық орталық құруды жеделдету тапсырылды. Сондай-ақ, Садыр Жапаров еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Парламент төрағасы Нұрлан Нығматулинмен, премьер-министр Асқар Маминмен, Қазақстанның бизнес орталарының өкілдерімен кездеседі. Бұл Жапаровтың Қырғызстан президенті болып сайланғаннан кейінгі екінші шетелдік сапары екенін атап кеткен жөн. Өткен аптада ол Ресейге Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы сапарын жасады.
Қарау саны: 1070 |
|
|