АҚШ Техастағы ҚХР консулдығын жапты
23.07.2020
Америка Құрама Штаттары Хьюстондағы Қытайдың бас консулдығын жабуды талап етті деп хабарлады Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь. «АҚШ тарапынан аталған бір жақты саяси провокациия халықаралық құқық нормаларын және халықаралық қатынастардың негізгі қағидаттарын, сондай-ақ Қытай мен АҚШ арасындағы консулдық келісімді бұзып отыр»,- деп хабарлады Ван Вэньбинь. ҚХР СІМ өкілінің ойынша Хьюстондағы ҚХР консулдығын қысқа уақыт ішінде бір жақты тәртіпте жабу - "бұл АҚШ-тың Қытайға қарсы әрекеттерінің бұрын болмаған эскалациясы". Дипломат АҚШ-тан "өзінің бұрыс шешімін дереу жоюды" талап етті, кері жағдайда Қытай "жедел қарсы шаралар" қабылдайтынын айтты. АҚШ билік органдары шешімінің ресми расталуы 22 шілдеде келіп түсті. «Біз американдық зияткерлік меншікті және американдықтардың дербес деректерін қорғау үшін Хьюстондағы ҚХР бас консулдығын жабу туралы талап жолдадық»,— деп хабарлады АҚШ Бас департаментінің ресми өкілі Морган Ортагус. Мұнда екі қытай азаматына жүздеген ұйымдардың, оның ішінде, үкіметтік ұйымдардың компьютерлік жүйелерін бұзғаны үшін айып тағу туралы сөз болып отыр . Ортагус ханым сонымен бірге «Біз ҚХР-дың адал емес сауда практикаларына, американдық жұмыс орындарын ұрлауына және басқа да құқыққа қарсы әрекеттеріне төзбегендей, ҚХР-дың біздің дербестігімізге қол сұғуына және біздің халықты қорқытуына жол бермейміз» деді. Бұрын Қытай СІМ басшысы Ван И АҚШ ақыл-ойынан, әдептен және сенімнен айырылды деп мәлімдеген. Ол Құрама Штаттар халықаралық құқықты бұзып отыр деп санайды.
Қарау саны: 1481 |
|
|