Азық-түлік қауіпсіздігі
04.03.2021
The Economist Intelligence Unit (Ұлыбритания) талдамашылары Corteva Agriscience (АҚШ) қолдауымен Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық индексін дайындады.
Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі бойынша 113 орынның ішінен 32-орынды иеленді, 2019 жылмен салыстырғанда өз позициясын 16 тармаққа жақсартты. The Economist Intelligence Unit деректеріне сәйкес, Қазақстан 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан неғұрлым маңызды оң қарқыны бар елге айналды. Өсім халық үшін азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігі, азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі, азық-түлік өнімдерінің болуы сияқты көрсеткіштер бойынша байқалады. Рейтингте жоғарылауды қамтамасыз еткен факторлар тізімінде the Economist Intelligence Unit агроөнеркәсіп секторындағы өндірістің тұрақтылығын, кедейлік шегінен төмен халықтың үлесін, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік бағдарламалардың, АӨК секторындағы нарықтық ұсыныстар мен қаржылық қызметтердің қолжетімділігін атап көрсетеді. ҚР азық-түлігінде өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін микронутриенттердің құрамы, протеиндердің жоғары сапасы байқалады. Халықаралық сарапшылар азық-түлік өнімдеріне төмен импорттық тарифтерді назарға алды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы, АӨК секторындағы ғылыми зерттеулер сияқты көрсеткіштер бойынша жақсару байқалды. Ресей 2020 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі бойынша 24-ші орынды иеленді. Осыдан бір жыл бұрын Ресей жаһандық индекстің 42-ші позициясында болғанын атап кеткен жөн. Беларусь соңғы рейтингте 23-ші орында (2019 жылы 36 - шы орын) . Жаһандық индекс, оның авторларының пікірінше, 59 түрлі көрсеткіштер негізінде құрылған "қарқынды сандық және сапалық анықтамалық модель" болып табылады. Жалпы бағалау төрт өлшемшарт бойынша орташа өлшенген мән ретінде есептеледі:
Ұлттық және халықаралық статистикалық дереккөздерден, оның ішінде Дүниежүзілік банктен, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымынан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан, Дүниежүзілік сауда ұйымынан, Әлемдік ресурстар институтынан, АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері негізге алынады.
Қарау саны: 1173 |
|
|