ЕАЭО-ға а/ш өнімдерін жеткізу

31.03.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы сейсенбі күні қатысушы елдердің азық-түлік нарықтарында форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында ауыл шаруашылығы тауарларын жедел жеткізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.

Жұмыс тобы одаққа қатысушы елдердің бірі тиісті өтініш жасаған жағдайда, одақ бойынша серіктестерге ауыл шаруашылығы өнімдерін қосымша жеткізу мүмкіндігін пысықтайтын болады. Жұмыс тобының міндеттеріне қажет болған жағдайда өзара сауданы дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлене отырып, үш айлық кезеңге мемлекетаралық жеткізілімдердің параметрлерін қалыптастыру кіретін болады.

"Осындай жедел алаң құру одақтың тұрақты агроазық-түлік жүйесін қалыптастыру элементі болып табылады, ол форс – мажорлық жағдайлар жағдайында біздің елдеріміздің азық-түлік нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Одақ бойынша әріптестердің әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді", - деп ЕЭК-тің өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі Артак Камалян топ құруға түсінік берді.

Жұмыс тобының құрамына мүше мемлекеттер министрліктерінің және құзыретіне аграрлық нарықты дамыту мәселелері кіретін комиссия өкілдері кірді, делінген хабарламада.

Қазақстанда азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды арттыратынын атап кеткен жөн.

Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырады. Қаржылық қолдаудың бұл түрі өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылды және басталды.

"Бүгінгі таңда 14,3 млрд теңге сомасына 74 АШТӨ қаржыландырылды. Бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артты, яғни биыл ол 45,3 млрд теңгені құрайды", – деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов 30 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Оның айтуынша, халықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы форвардтық сатып алу шеңберінде сатып алынатын өнімдер тізбесі 4-тен 9-ға дейін кеңейтілді. Қарақұмық, күнбағыс және басқа да майлы дақылдарға келісімшарттар жасалатын болады.

 

 


Қарау саны: 1098
Сақталған: 31.03.2021





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!