Дамушы елдердің валюта бағамдары өсуде

28.07.2020

Қазақстан Ұлттық Банкінің деректері бойынша, сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 17-24 шілде аралығында елеулі өзгерістер байқалды. Дамушы нарықтар елдерінің апта ішіндегі валюта қарқыны негізінен оң үрдіске болды:

Бразилиялық реал экономика министрінің салықтық жүктемені азайтуды (салық санын қысқарту) көздейтін салық реформасының жобасын ұсынуы аясында 3% - ға (5,39-дан 5,23-ке дейін) нығайды, бұл жағдайды жаһандық инвесторлар оң қабылдады;

Мексикалық песо мамырда бөлшек сауданың 0,8% м/м өсуі туралы деректердің  шығуы аясында 1,2% - ға (22,55-тен 22,28-ге дейін) нығайды;

Индонезиялық рупия тұтыну мен экспорттың жақсаруына байланысты 2020 жылдың 2 тоқсанында экономиканы біртіндеп қалпына келтіру туралы ел Президентінің мәлімдемесі аясында 0,6%-ға (14 703-тен 14 610-ға дейін) нығайды;

Үнді рупиясы АҚШ доллары бағамының жаһандық әлсіреуі және қор нарығына шетелдік капиталдың келуі аясында  0,3% - ға (75,02-ден 74,83-ке дейін) нығайды;

Ресей рублі мұнайдың қымбаттауы және коронавирусқа қарсы вакцинаны сынаудың оң нәтижелері туралы хабарламалар аясында 0,3% - ға (71,88-ден 71,7-ге дейін) нығайды.

Оңтүстік африкалық ранд қарыз нарығына шетел капиталының келуі аясында 0,2% - ға (16,69-дан 16,66-ға дейін) нығайды;

Түрік лирасы 0,1% - ға (6,86-дан 6,85-ке дейін) нығайды. ОБ ставканы 8,25% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.

Түркия банктерді валюта нарықтары мен биржаларында кассалық сатып алудың орнына шетел валютасындағы міндеттемелерді жабу үшін қаржылық хеджирлеуді пайдалануға шақырады.

Хеджирлеу - басқа нарықтағы баға тәуекелдерінің әсерін өтеу үшін бір нарықта мәмілелер ашу. Әдетте хеджирлеу мерзімді нарықтарда мәмілелер жасау жолымен бағаның өзгеру тәуекелдерін сақтандыру мақсатында жүзеге асырылады. Хеджирлеудің ең жиі кездесетін түрі-фьючерстік келісімшарттармен хеджирлеу.


Қарау саны: 1496
Сақталған: 23.11.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!