Сарапшылар: мұнай дәуірі аяқталды
30.07.2020
Биылғы жылғы дағдарыс қара алтынға деген сұраныстың болашағына күмән келтірді. Reuters агенттігі ОПЕК-пен байланысты жеті шенеунікпен сұхбат жүргізді (олар аттарын атамауды өтінді). Сарапшылардың бірі мәлімдегендей, нарықтың барлық қатысушылары энергия көздерін тұтыну бұрынғы деңгейге оралмайтын сценарийге жол береді. Болжамдарға сәйкес, мұнайға деген сұраныс ең жоғары шегіне жетеді, содан кейін төмендей бастайды. 2019 жылы әлем тәулігіне 99,7 миллион баррельді тұтынған. ОПЕК 2020 жылы 101 миллион баррельге дейін өсуді болжады, бірақ дағдарысқа байланысты бұл көрсеткіш 91 миллион баррельге дейін төмендеді. 2030 жылға арналған болжам тәулігіне 118-ден 108,3 миллион баррельге дейін төмендеді. "Электромобильдер санының артуы және жаңғыртылатын энергия көздеріне көшу сұраныс бойынша ұзақ мерзімді болжамдарды төмендету жағына қарай қайта қарауға мәжбүр етті. Нарықтың барлық негізгі ойыншылары тұтыну ешқашан толық қалпына келмейтінін мойындайды", - деп жеткізеді сарапшылардың сөздерін агенттік. Сарапшылардың пікірінше, дағдарыс мұнай дәуірін аяқтауы мүмкін. Қазір Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 43,7 доллар деңгейінде ауытқып отырғанын атап кеткен жөн. Аптаның басынан бастап баға 1,5 долларға өсті.
Қарау саны: 1454 |
|
|