Соңғы сағат ішінде криптовалюта 2019 жылдың 9 тамызынан бастап алғаш рет 12 123,46 доллар ең жоғары мәніне жетті.
Осыдан бір апта бұрын, 26 шілдеде, биткоин 10 мың доллар психологиялық белгіге жетті.
Сарапшылардың деректері бойынша, биткоин бағасының өсуі бірқатар әлемдік валюталардың әлсіреуімен байланысты.
Қазақстанда биткоин және басқа да криптовалюталар қамтамасыз етілмеген цифрлік активтерге жатады. Олардың "заңнамамен көзделген жағдайларды қоспағанда" Қазақстан аумағында шығарылымы мен айналымына тыйым салынған .