Ливанның астанасында жарылыс болды

05.08.2020

4 тамызда кешке Бейрут портында күшті жарылыс болды, 70 адам қайтыс болғаны, мыңнан астам адам зардап шеккені мәлім.

Қазіргі уақытта адамдарды зақымдалған ғимараттардан эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

"Бірінші кезекте шыныдан жараланғандар көп. Портқа жақын жерде бірнеше үй қирады, біздің мәліметтеріміз бойынша, үйінділер астында адамдар болуы мүмкін", - деді Қызыл Крест қызметкері БАҚ-қа.

Губернатор Марван Аббудтың айтуынша, қала ғимараттарының жартысы бүлінген.

Қазақстанның Ливан астанасындағы дипломатиялық миссиясының ғимараты да жарылыс толқынынан зардап шекті.

"Дипломатиялық миссия қызметкерлері сол сәтке қарай жұмыс күні аяқталғаннан кейін кеңседен кетіп үлгерген болатын. Консул жұмыста қалған және жарылыс толқыны кезінде аздап жарақат алды. Біздің дипломаттар жергілікті билікпен жедел байланыста, Ливан аумағындағы ҚР азаматтарының жағдайы туралы ақпарат тексерілуде", - деп хабарлады СІМ.

Жергілікті биліктің алдын-ала мәліметтері бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылды.

Премьер-Министр Хассан Диябтың айтуынша, жарылыстың себебі 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы болды. Ливан үкіметінің басшысы оқиғаны тергеу үшін комиссия құруды ұсынды, ол 48 сағат ішінде оқиғаның себебін анықтап, жауаптыларды анықтауы керек.

Естеріңізге сала кетейік, 27 шілде күні Израиль әскері Ливанның оңтүстік-шығысындағы Кафаршуба ауданын минометпен атқан болатын.


Қарау саны: 1327
Сақталған: 27.11.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!