Беларусьтің бірнеше қаласында оппозициялық азаматтардың іс-қимылдары басталды.
Сайлау учаскелері жабылып, мемлекеттік экзитполдың мәліметтері жарияланғаннан кейін Минскіде мыңдаған наразылық білдірушілер Жеңімпаздар мен Машеров даңғылдарының қиылысында, Жеңіс алаңында "Минск — қаһарман-қала" стеласына жиналды. Митингілер Гродно, Баранович, Витебск, Брестте өтетіні де белгілі болды.
Бүкіл ел бойынша интернет пен ұялы байланыс өшеді. Беларусь мемлекеттік БАҚ сайттары да ашылмайды. Қалалық көше жарығы жүйелі түрде сөндіріледі.
БАҚ-тың хабарлауынша, ОМОН-мен шайқас орын алып отыр, наразылық білдірушілердің арасында жараланғандар бар. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі.