АҚШ Беларусьті санкцияларымен қорқытты

11.08.2020

Американдық әкімшілік республикадағы президенттік сайлау нәтижелерін бұрмалау жағдайында Беларуське қарсы санкцияларды қалпына келтіруі керек, деді АҚШ Сенатының сыртқы істер жөніндегі комитетінің аға демократы Роберт Менендес.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Беларусьтегі сайлауды мәжбүрлі және әділетсіз деп жариялады. Бұл туралы ЕКПА басшысы Рик Дайс те мәлімдеді. АҚШ президентінің әкімшілігі Беларусь билігін наразылық білдірушілерге күш қолданбауға шақырды. Беларусьтегі наразылық білдірушілерге қарсы зорлық-зомбылықты НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг те сынады.

Бір күн бұрын Беларусь Президенті Александр Лукашенко президенттік сайлаудан кейін өткен рұқсат етілмеген көшедегі наразылықтар айналасындағы жағдайға түсінік берді. Ол заңсыз әрекеттерге жауап барабар болатынын және «ешкім елді бұзуға жол бермейтінін» атап өтті

«Менің айтқандарымның барлығы расталды. Егер біреу сенбеген болса, онда ол қазір бұған сенді. Яғни, бізді бұл жағдайды жасады деп жалған айыптап отыр. Мен ескерткен едім: кім қанша жерден қаласа да, майданға жол берілмейді. Сондықтан тынышталып, сабамызға түсуіміз керек.

Ал ата-аналарға кейін ауыр жағдай туындамас үшін, балаларының қай жерде жүргенін білу қажеттілігі туралы үшінші рет айтып отырмын. Кейін ойбайлап жүрмесін. ОМОН-ның 25-ке жуық баласы жарақат алды. Қол-аяқтары сынған. Арнайы, мақсатты түрде осы жігіттерді ұрды. Олар жауап берді. Енді жылап-сықтаудың не қажеті бар? Сондықтан жауап тиісінше болады. Біз елді бұзуға жол бермейміз", - деп мәлімдеді Лукашенко.

Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні Беларусьте президенттік сайлау өтті. ОСК мәліметі бойынша, қазіргі президент Александр Лукашенко сайлаушылардың 80,08% дауысын жинады, Светлана Тихановскаяны сайлауға келгендердің 10,09% қолдады. Келушілер саны 84,17% құрады.

Қазақстан мен Ресей президенттері Лукашенконы қайта сайлануымен құттықтады.


Қарау саны: 1289
Сақталған: 23.11.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!