Италия мен Түркияда карантин күшейтілді
17.08.2020
17 тамызда Италияда Covid-19 науқастарының көбеюіне байланысты карантин күшейтіледі. Бүкіл ел бойынша адамдар көп жиналуына байланысты коронавирус жұқтыру қаупі бар үй-жайларда және ашық ауада-қоғамдық орындарда (алаңдар, көшелер) қорғаныс бетпердесін 18:00 - ден 06:00-ге дейін кию талабы енгізілді. Көпшілік мерекелер мен дискотекалар тоқтатылды. Қыркүйек айында мектепті қауіпсіз ашу үшін карантинді қатаңдату енгізілді. Жалпы, Италияда коронавируспен ауыратын жаңа науқастардың өсуі Еуропамен салыстырғанда аз. Коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары санының өсуіне байланысты Түркияда азаматтардың жекелеген санаттары үшін карантиндік шаралар күшейтілуде. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі 16 тамыз, жексенбі күні хабарлады. Шектеулер Сиирт, Газиантеп, Шанлиурфа, Элазиг, Ван, Кайсери, Ялова, Бартин провинцияларына қатысты. Осы провинциялардың барлығында 65 жастан асқан қарт адамдарға қоғамдық көлікті пайдалану және сауда орталықтары мен базарларға бару уақыты шектелді, серуенге шығуға және діни және бұқаралық іс-шараларға, атап айтқанда, неке кию, үйлену тойларына тыйым салынды. Сонымен қатар, жекелеген провинцияларда сауда нүктелерінен витриналар немесе жеке тауарларды тротуарларға орналастыруға тыйым салынды, өйткені бұл әлеуметтік қашықтықты сақтауға кедергі келтіруі мүмкін, сонымен қатар демалыс аймақтарындағы әлеуметтік қашықтық төрт метрге дейін арттырылды.
Қарау саны: 1388 |
|
|