ЕАЭО елдерінің дамуы
21.08.2020
Қырғыз Республикасының өкілдері ЕАЭО мемлекеттерінің даму деңгейлерін теңестіру мақсатында инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін ЕАЭО-да жаңа даму институтын құруды ұсынды. Алайда, ЕЭК-те Армения мен Қырғызстанға ЕАЭО-ның орташа даму деңгейіне шығу үшін қажетті қаражат көлемі өңірлік қаржы институттарының мүмкіндіктерінен асып түсетінін атап өтті. «Еуразиялық экономикалық комиссияның бағалауы бойынша, Армения мен Қырғызстанға ЕАЭО – ның орташа даму деңгейіне шығу үшін қажетті қаражат көлемі ЕАДБ мен ЕТДҚ сияқты өңірлік қаржы институттарының мүмкіндіктерінен әлдеқайда жоғары, - деп атап өтті жұмыс тобының басшысы, ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев. – Бұл жағдайда қолда бар қаржы ресурстарын толық пайдалану және әзірленіп жатқан инвестициялық жобаларды сараптамалық сүйемелдеуді күшейту маңызды». ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері Еуразиялық Даму Банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының әлеуетін барынша толық пайдалануды, сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың мандаттарын кеңейтуді ұсынды. Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа институтын құру нұсқалары, сондай-ақ қазіргі қаржы институттарының әлеуетін неғұрлым толық пайдалану мүмкіндігі бейінді жұмыс тобының кезекті отырысында қаралды. Сондай-ақ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының бастамасы бойынша осы жылдың қыркүйек айында халықаралық және ұлттық даму институттарының қатысуымен ынтымақтастықтың осы бағыты шеңберінде күш-жігерді біріктіру мүмкіндігін талқылау үшін ғылыми-практикалық семинар өткізу жоспарлануда.
Қарау саны: 1378 |
|
|