Мәскеу мен Нұр-Сұлтан республикамызға коронавирусқа қарсы рессейлік «Спутник V» вакцинасын жеткізу туралы келісімге қол қойды.
«Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «СК-Фармация» арасында сынақтардың барлық сатыларынан өткеннен кейін «Спутник V» вакцинасының кепілдендірілген көлемін бөлу бойынша өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды», — делінген Үкімет басшысының сайтында.
Қауіп-қатер тобына кіретін қазақстандықтар үшін иммундау тегін және ерікті болады және клиникалық сынақтардың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін өтеді, деп атап өтілген хабарламада.