ЕАЭО-дағы өзара сауда:

08.09.2020

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ЕАЭО елдері арасындағы өзара сауда көлемі шамамен өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда $24 млрд - 85,9% құрады.

2020 жылы өзара сауданың құндық көлемінің $4 млрд – қа азаюы көбінесе орташа бағаның төмендеуімен, аз дәрежеде тауар массасының төмендеуімен байланысты болды. Бұл жағдайға Еуразиялық экономикалық комиссияның сыртқы және өзара сауда статистикасы бөлімінің талдамашылары осындай баға берді.

Өзара «еуразиялық» сауданың елдік құрылымында Ресей  бірінші орында – оған өзара экспорттың барлық көлемінің 62% - ға жуығы тиесілі. ЕАЭО-дағы экспорттаушылар арасында екінші орынды Беларусь (26,3%), үшінші орынды Қазақстан (9,8%) иеленді. Ең аз үлес Армения (1,1%) және Қырғыз Республикасының (0,9%) жеткізушілерінде.
 
ЕАЭО-дағы қазақстандық тауарлардың басты сатып алушысы Ресей (88%) болып табылады. Одан Қазақстан жарты жылда $2,1 млрд алды, Ресей бағыты Беларусьтің (93%) және Арменияның (96%) «еуразиялық» экспортында да басым болып отыр.

Одақ елдерінен импортталатын тауарлардың 94% - ын Қазақстан Ресейден сатып алады. Беларусьте ресейлік тауарлардың үлесі 99% – ды, Арменияда – 96% - ды, Қырғызстанда-71% - ды құрайды. Ресей Федерациясы өз кезегінде тауарлардың көп бөлігін белорустардан сатып алады (бірлестікке қатысушы елдердің барлық импортының 70% – ы).
 
Қазақстан 2020 жылы ЕАЭО-ға экспорт көлемін 19,7% - ға немесе $2,9 млрд-тан $2,3 млрд-қа дейін қысқартты (2019 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда). Қазақстандық тауарларды Беларуське (-38%), Ресейге (-20%) және Қырғызстанға (-12%) сату төмендеді.

ЕАЭО-да ең жоғары сұранысқа ие қазақстандық тауарлар – минералды өнімдер мен металдар.


Қарау саны: 1261
Сақталған: 22.12.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!