Қазақстан мен Люксембург: хаттаманы бекіту

09.09.2020

Қазақстан мен Люксембург қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісті.

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы хаттаманы бекіту туралы» заң жобасын мақұлдады.

«Қолданыстағы Конвенцияға толықтырулар енгізу мемлекет иелігіне байланысты төленген дивидендтерді салық салудан босату арқылы ел бюджетінің мүдделерін қорғау қажеттілігінен туындады. Біз дивидендтердің нақты иелерін анықтадық. Қазақстанда-бұл Үкімет, орталық немесе жергілікті билік органы, Ұлттық Банк немесе үкіметке тиесілі кез келген мекеме», - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Осылайша, осы Хаттаманың мақсаты Люксембург аумағында тіркелген кәсіпорындардағы акцияларды иелену кезінде Қазақстан Үкіметіне төленетін дивидендтерге салық төлеуден босату болып табылады. Жамаубаев құжаттың екі мемлекет арасындағы салық салу мәселелеріндегі заңнамалық база ретіндегі маңызды рөлін атап өтті. Хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Люксембургтің қатысуымен 27 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер жұмыс істейді. Олар 2019 жылы 37 млрд. теңге салық төледі.


Қарау саны: 1307
Сақталған: 23.11.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!