10.09.2020
1980 жылдан бері жалғасып келе жатқан жаһандану дәуірінің орнына «тәртіпсіздік ғасыры» келеді, дейді сарапшылар.
Deutsche Bank стратегі Джим Рейд пен оның әріптестерінің болжамына сәйкес, жаңа дәуірдің ерекшелігі Қытай экономикасының АҚШ-тан жоғары көтерілуі болады. Елдердің қақтығысы экономикалық салада орын алатын болады. Бұл қырғи қабақ соғыс кезіндегі Америка Құрама Штаттары мен КСРО арасындағы қарым-қатынасты еске түсіреді.
Сонымен бірге, зерттеу авторлары «тәртіпсіздік дәуірін» инвестициядан бас тартудың себебі ретінде қабылдамауға шақырады, өйткені ол «ауқымды интервенциялар мен өтімділікке әкеледі».
Мамандар жаңа жағдайлар қазіргі жаһандық бағалауларға қауіп төндіретінін ескертеді.
Қарау саны: 1203
Сақталған: 30.10.2024