«Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?» айдары
23.09.2024
АКТ-ға қолжетімділік Жаһандық инновациялар индексінің (бұдан әрі – ЖИИ) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» субфакторы шеңберіндегі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш жиынтық индекс болып табылады, ол 5 АКТ көрсеткішін өлшейді: 1) 100 тұрғынға шаққанда тіркелген телефон байланысы абоненттерінің саны; 2) 100 тұрғынға шаққанда ұялы телефон байланысының абоненттері; 3) Интернеттің бір пайдаланушысына халықаралық Интернеттің өткізу қабілеті (бит/с); 4) компьютері бар үй шаруашылықтарының үлесі; 5) Интернет желісіне қолжетімділігі бар үй шаруашылықтарының үлесі. Индекс Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының және Дүниежүзілік телекоммуникация/АКТ көрсеткіштерінің дерекқорының деректері негізінде жасалады (2023 жылғы қаңтарда жарияланған). Есепте 2021 жылғы деректер пайдаланылды. ЖИИ 2023 рейтингінде Қазақстан алдыңғы рейтингпен салыстырғанда, өз позициясын 2 тармаққа жақсартып (90,2 мәнімен 43-орын), 132 елдің ішінде 86,7 мәнімен 41-орынды алды. 2019 жылғы рейтингпен салыстырғанда, 2021 жылғы рейтингтегі мәннің айтарлықтай жақсарғанына қарамастан, елдің позициясы өзгермеген, бұл басқа елдердегі АКТ-ның қарқынды дамуымен байланысты. Жетекші орындарды Сингапур (100), Люксембург (99,7) және Бахрейн (98,6) алды. Рейтингтің аутсайдерлері Африка елдері – Нигер, Эфиопия және Бурунди болып табылады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Интернетке қолжетімділіктің негізгі көрсеткіштері оң динамиканы көрсетеді. Осылайша, тіркелген Интернет абоненттерінің саны 21,8%-ға айтарлықтай өсті, компьютер пайдаланушыларының деңгейі және халық арасындағы интернет пайдаланушылардың саны сәйкесінше 8,8 п.т. және 10,5 п.т. өсті. Бұл ретте, ұялы байланыс абоненттерінің саны 0,76%-ға аздап қысқарды. Ookla компаниясының мәліметтері бойынша (жылдамдықты өлшеуге арналған Speedtest қызметі) 2024 жылғы тамызда ел мобильді интернет жылдамдығы бойынша 111 елдің ішінде 56-орынды және стационарлық интернет жылдамдығы бойынша 161 елдің арасында 92-орынды алды. 2023 жылы елдегі үй шаруашылықтары мүшелерінің Интернетті пайдалануының негізгі мақсаттары келесідей бөлінді:
6 жастан 74 жасқа дейінгі халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 2019 жылғы жалпы халық санынан 82,1%-дан 2023 жылғы 90,2%-на дейін өсті, бұл әртүрлі жас топтары арасында технологияларды қолдану дағдыларының айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді. Бұл өсу технологияның белсенді дамуымен, Интернетке қолжетімділіктің артуымен және күнделікті өмірде цифрлық қызметтерді пайдаланудың өсуімен түсіндіріледі. Цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және киберқауіпсіздік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде 2029 жылы тұрғындарды Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен 100% қамтумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл үшін 250 адамнан аз халқы бар қалған ауылдарды Интернетке қосу пысықталады, Астана, Алматы және Шымкентте 5G желісі орналастырылады, сондай-ақ облыс орталықтарында 1576 базалық станция орнатылады және басқа да шаралар қабылданады.
Қарау саны: 65 |
|
|