14.09.2020
Ресей мен Беларусь президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенко Беларусьтің мемлекеттік борышын қайта қаржыландыру мәселелерін талқылайды.
Сочидегі келіссөздер Ресей-Беларусь қатынастарын одан әрі дамытуға, стратегиялық серіктестікке арналады. Сауда-экономикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ірі бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ одақтық мемлекет шеңберінде интеграциялық процестерді ілгерілету перспективаларына ерекше назар аудару жоспарлануда.
Сарапшылар мен екі елдің түрлі ведомстволарының деңгейінде интеграция бойынша Жол карталары, энергия ресурстарының бағасы, түрлі берешектер, кәсіпорындар желісі бойынша өзара іс-қимыл сияқты тақырыптар бойынша жұмыс тоқтамайтынын атап кеткіміз келеді.
Қарау саны: 1227
Сақталған: 23.11.2024