24.09.2020
Нобель қорының Директорлар кеңесі 2020 жылғы Нобель сыйлығы әр санат бойынша 10 миллион швед кроны (1 миллион доллар) болады деп шешті.
«2020 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттарын жариялау 5 қазанда басталады. Биылғы жылы бізді шабыттандыратын және болашаққа деген үміт ұялататын лауреаттардың жетістіктерін атап өту өте маңызды. Хабарландыру апталығы жақындаған сайын, біз биыл сыйақы сомасын 1 миллион швед кронасына көбейтетінімізді хабарлауға қуаныштымыз», - деді Нобель қорының атқарушы директоры Ларс Хайкенстен.
2012 жылдың басынан бастап Нобель қорының инвестициялық капиталы айтарлықтай өсті. Тиісті кезең ішінде осы капиталдың кірістілігі жалпы жақсы нарықтық көрсеткіштердің нәтижесінде, сондай-ақ қордың меншікті активтерін басқарудың жақсы нәтижелерінің арқасында жылына 9 пайызға жақын болды.
Қарау саны: 1369
Сақталған: 22.12.2024