Таулы Қарабақтағы жанжал

28.09.2020

27 қыркүйекте Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстың жаңа өршуі туралы белгілі болды. Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде Ереванның 550-ден астам әскери қызметшісінің қаза тапқаны туралы хабарланды.

Армения Қорғаныс министрі Арцрун Ованнисян дүйсенбі, 28 қыркүйекте: «Әзірбайжан тарапы жариялаған біздің сарбаздарымыздың өлімі туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды», — деп сендірді. Сонымен бірге ол іс жүзінде қанша адам қайтыс болғанын нақтыламады.

Баку армян тарапы Қарулы Күштердегі нақты жағдайды қоғамнан жасырады деп мәлімдейді.

Америка басшысы Дональд Трамп Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты жағдайға қатысты Вашингтон оқиғалардың дамуын мұқият қадағалап отырғанын айтты.

«Біз сол өңірде жақсы қарым-қатынас орнаттық. Біз мұны  (шиеленісуді – ред.) тоқтата аламыз ба - алдағы уақытта көре жатармыз», – деді АҚШ президенті.

Трамптың Демократиялық партиядан қарашадағы АҚШ президенттігіне сайлаудағы қарсыласы Джо Байден оқиғалар ауқымды өңірлік қақтығысқа айналуы мүмкін деп санайды, сондықтан саясаткер құлдырауды тоқтатуға шақырды.

 


Қарау саны: 1383
Сақталған: 23.11.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!