Биоалуантүрлілік жөніндегі саммитті
01.10.2020
Биоалуантүрлілік жөніндегі саммит сәрсенбіде БҰҰ-да ашылды. Адамзат табиғатпен соғысуда-деді БҰҰ басшысы Антонио Гутерриш.
«Барлық белгілі аурулардың 60 пайызы және жаңа жұқпалы аурулардың 75 пайызы – зоонозды, олар адамдарға жануарлардан беріледі. Бұл Жердің денсаулығы мен біздің денсаулығымыз бір – бірімен байланысты екенін еске салады», - деді Гутерриш. БҰҰ Бас хатшысы биоалуантүрлілікті сақтамай, халықаралық қауымдастық Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізе алмайтындығын және Париж климаттық келісімінің ережелерін орындай алмайтындығын атап өтті. Оның айтуынша, табиғатты қорғау қағидатына негізделген шешімдер COVID-19 пандемиясынан кейін қалпына келтірудің негізін, сондай-ақ экономиканы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларын қамтуы керек. «Әлемдік биоалуантүрлілікті сақтау жұмыс орындарын құруға және экономикалық өсуді ынталандыруға көмектеседі», – деді Гутерриш. Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, ол адамзаттың 2030 жылға қарай 191 миллион «жасыл» жұмыс орнын құруға барлық мүмкіндіктері бар екенін хабарлады. Сондай-ақ, бас хатшы биоалуантүрлілікті сақтауға инвестиция салу қажеттілігін еске салып, мұндай инвестициялардың көлемі қоршаған ортаға зиян келтіретін өндіріске үнемі құйылатын қаражаттан әлдеқайда аз екенін атап өтті. БҰҰ басшысы өз сөзінде 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге белгіленген мақсаттардың көпшілігіне қол жеткізілмегенін атап өтті. Ол халықаралық қауымдастықты қоршаған ортамен «сау» қарым-қатынас орнатуға және 2020 жылдан кейінгі кезеңге биоалуантүрлілікті сақтау жоспарын жасауға шақырды.
Қарау саны: 1466 |
|
|