Үйлестіру кеңесі

«Біздің әлемнің қайта құрылуы: 2030 жылға дейінгі кезеңге орнықты даму саласындағы күн тәртібі» жаһандық даму саласындағы Күн тәртібін іске асыру жұмысын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Орынбасарының төрағалық етуімен Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылды. Кеңес жұмысының үйлестіру органы Ұлттық экономика министрлігі болып табылады. Сараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Хатшылық болып табылады.


Кеңестің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасында ОДМ іске асыру бойынша ортақ саясатты қалыптастыру ұсыныстарын қарау және әзірлеу; 
- ОДМ бағыттары бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарының қызметін үйлестіру; 
- ОДМ орындау бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу; 
- ОДМ бойынша Қазақстанның Ұлттық ерікті шолуын қалыптастыруға қатысу.


Кеңес қызметін тиімді ұйымдастыру үшін бес негізгі бағыт бойынша жұмыс топтары құрылды: 

• «Адамдар» жұмыс тобы: ТДМ 1 Кедейшілікті жою, ТДМ 2 Ашаршылықты жою, ТДМ 3 Жақсы денсаулық пен әл-ауқат, ТДМ 4 Сапалы білім, ТДМ 5 Гендерлік теңдік. Хатшылық өкілі Новокшанова Н.А.

• «Өркендеу» жұмыс тобы: ТДМ 7 Арзан және таза энергия, ТДМ 8 Адал жұмыс және экономикалық өсу, ТДМ 9 Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым, ТДМ 10 Теңсіздікті азайту, ТДМ 11 Тұрақты қалалар мен елді мекендер. Хатшылық өкілі Утебаева А.Б.

• «Планета» жұмыс тобы: ТДМ 6 Таза су және санитария, ТДМ 12 Жауапты тұтыну және өндірі, ТДМ 13 Климаттың өзгеруіне қарсы қүрес, ТДМ 14 Теңіз экожүйелерін сақтау, ТДМ 15 Құрлық экожүйусін сақтау. Хатшылық өкілі Окушева А.А.
 
• Рабочая группа «Әлем»: ЦУР 16 Әлем, сот төрелігі және тиімді институттар. Хатшылық өкілі Абуов А.Ж.

• Рабочая группа «Серіктестік»: ЦУР 17 Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік Хатшылық өкілі Нуржанова М.Б.


Қарау саны: 3484
Сақталған: 25.07.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!