БҰҰ тұжырымдамасына сәйкес, тұрақты даму – бұл қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін қауіпке тікпейтін даму.
Бұл даму үш өзара байланысты аспектілерге негізделген:
1. Экономикалық – тұрақты өсу мен игіліктерді тең бөлу
2. Әлеуметтік – теңдік, құқықтар және негізгі қызметтермен қамтамасыз ету
3. Экологиялық – табиғи ресурстарды сақтау және климаттың өзгеруімен күресу
БҰҰ ұсынған тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) жаһандық мәселелерді кешенді түрде шешуге бағытталған 17 негізгі бағытты қамтиды.
|