ӨСЖ – бұл әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілері мен қызметтерінің, сондай-ақ қалалық және ауылдық елді мекендердің тұрғындары қамтамасыз етілуі тиіс елді мекеннің жайлы ортасын білдіретін инфрақұрылымның базалық тізбесі.
ӨСЖ объектілер тізбесін санаттар мен елді мекендер бойынша жіктейді.
ӨСЖ-ға сәйкес барлық елді мекендер бес санатқа топтастырылған, олардың әрқайсысы үшін объектілер мен көрсетілетін қызметтердің өз тізбесі белгіленген:
2025 жылы Елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу қағидалары және Елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесіне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді. Қамтамасыз ету деңгейін есептеу кезінде ескерілетін көрсеткіштер мен объектілердің тізбесі кеңейтілді.
Анықтамалық: Қағидалар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 56 бұйрығымен бекітілген.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірлерді қамтамасыз етудің орташа республикалық деңгейі 64,1%-ті құрады (кесте қоса беріледі)
2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірлер бөлінісінде Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес объектілермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі

Өңірлік стандарттар жүйесі қалалық елді мекендер, сондай-ақ ауылдық аумақтар бөлінісінде инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету деңгейін салыстырмалы бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін кешенді құрал болып табылады.
Мысалы, қалалардағы ӨСЖ сәйкес объектілермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі – 86,3%.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ел қалалары бөлінісінде Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес объектілермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі
Мониторинг нәтижелері бойынша 2024 жылы ауылдық елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейі 63,7%-ке жеткені анықталды, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен (54,8%) жоғары және ауылдық аумақтардың инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуінің тұрақты жақсарғанын растайды.
Сонымен қатар, ағымдағы қамтамасыз ету деңгейі әлеуметтік, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылым объектілерін, әсіресе шағын және шалғай орналасқан ауылдық елді мекендерде жаңғырту және салу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін көрсетеді.
Қамтамасыз етудің ең төмен көрсеткіштері Абай (56,1%), Ұлытау (57,57%) және Қарағанды (60,67%) облыстарының ауылдық елді мекендерінде тіркеледі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша елдің ауылдық елді мекендері бөлінісінде Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес объектілермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі

Қарау саны: 48
Сақталған: 14.01.2026
|