«Қазақстан Республикасында Орнықты даму мақсаттарын іске асыру» аналитикалық шолуы
2015 жылы Қазақстан БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің қатарында 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы күн тәртібіне қосылды.
Жаһандық күн тәртібі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға, климаттың өзгеруіне бейімделуге, сондай-ақ барлық деңгейлерде ынтымақтастықты арттыруға бағытталған 17 Орнықты даму мақсатын (бұдан әрі – ОДМ) қамтиды.
Орнықты даму мақсаттары – тұрақты дамуды қамтамасыз етудің бағыты мен үлгісі.
Әрбір ел тұрақты даму бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалу барысы туралы ерікті ұлттық шолу ұсына алады.
2019 және 2022 жылдары Қазақстан 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарын іске асыру бойынша ерікті ұлттық шолуды БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі саяси форумында ұсынды.
Бұл аналитикалық шолу 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асыру бойынша қысқаша шолуды қамтиды.
Шолуда ОДМ-ды іске асыру аясында қабылданып жатқан негізгі шаралар туралы ақпарат және ОДМ ұлттық индикаторларының динамикасы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде талданады.
Сонымен қатар, шолуда Қазақстанның Тұрақты даму жаһандық рейтингісіндегі (SDG Index) позициясына қысқаша талдау берілген.