ЭЫДҰ-ның көп ұлтты кәсіпорындарға арналған Басқарушы қағидаттары мен ҰБО қызметін түсіндіру бойынша онлайн-семинар.
15.07.2020
25 маусымда ҚР Ұлттық экономика министрлігі және "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП, үкіметтік емес ұйымдардың және кәсіподақтардың өкілдері үшін ЭЫДҰ-ның көпұлтты компанияларға арналған Басқарушы қағидаттары және Ұлттық байланыс орталығының қызметін түсіндіру бойынша бірлескен онлайн-семинар өткізді. Бүгінде халықаралық инвестициялар әлемдік экономиканың қозғаушы күші болып табылады және соңғы үш онжылдықта халықаралық іскерлік орта бірқатар елеулі құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Бұл ретте Бизнесті жауапты жүргізу ашық халықаралық инвестициялық ахуалдың маңызды элементі болып табылады. Көп ұлтты кәсіпорындардың қызметі көбінесе бірнеше елді және түрлі мәдени, құқықтық және реттеуші жағдайларды қамтиды. Осылайша, семинардың өзектілігі маңызды, оның барысында Қазақстанда бизнесті жауапты жүргізу бойынша бірқатар мәселелер қарастырылды, атап айтқанда: - Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы; - Ұлттық байланыс орталығын ішкі ұйымдастыру қағидалары; - Ұлттық байланыс орталығына өтініштерді беру және қарау тетігі; - ЭЫДҰ-ның көп ұлтты кәсіпорындарға арналған Басқарушы қағидаттары Семинар спикерлері: Нұрлан Шоқпарбаев-ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат департаментінің директоры; Руслан Сұлтанов - "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасы; Татьяна Зинович-Ұлттық байланыс орталығының мүшесі, "Құқықтық саясатты зерттеу орталығы" қоғамдық қорының директоры Онлайн-семинарға 40-қа жуық қатысушы қатысты. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар оны өткізудің өзектілігі мен уақтылығы туралы ортақ пікір білдірді.
Қарау саны: 3154 |
|
|