ҰБО қатысуымен дөңгелек үстел

29.06.2021

Бүгін, 29 маусымда Ұлттық байланыс орталығының қазақстандық кеңсесінің өкілдері (бұдан әрі - ҰБО Хатшылығы) "Қазақстанның тау-кен металлургия кешені салалық кәсіподақтарының еңбек жағдайларын жақсарту және саланың көпұлтты кәсіпорындарында әлеуметтік диалогты ілгерілету жөніндегі стратегиясы"тақырыбына дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

 

Іс-шараға Қазақстанның салалық кәсіподақтарының, Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері, шетелдік сарапшылар қатарынан 40-тан астам адам қатысты.

 

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты еңбек және өндірістік қатынастар саласындағы көпұлтты кәсіпорындармен өзара іс-қимыл бойынша жағдайды талқылау болды.

 

Атап айтқанда, қатысушылар қызметкерлердің құқықтарына, еңбекті қорғау және гигиена жүйесіне, Covid-19 пандемиясының салдарын жұмсарту бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне, пандемия кезіндегі әлеуметтік диалогтың рөліне талдау жүргізді.


ҰБО Хатшылығы қызметтің бағыттары мен атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы баяндады.

 

Қатысушылар кәсіподақ – ҰБО - көпұлтты кәсіпорынның өзара іс-қимыл процесіне ерекше қызығушылық танытты.

 

Халықаралық еңбек ұйымының дәстүрлі стандарттарынан басқа, ҰБО Хатшылығы  ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарында бекітілген еңбек және өндірістік қатынастар, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын жария етті.

 

Дөңгелек үстелге қатысушыларға "YNTYMAQ" Үйлестіру кеңесімен бірлесіп жүргізілген және Қазақстан аумағында ҰБО-ның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті көпұлтты кәсіпорындардың өлшемшарттарын бекітуге бағытталған жұмыстардың нәтижелері ұсынылды.  

 

Қорытындылай келе, іс-шараға қатысушыларға еңбекті қорғау және күзету саласындағы қазіргі жағдайды жетілдіру бойынша Қазақстанның ҰБО-мен одан әрі ынтымақтастық орнату ұсынылды.  

 

 

 

ҰБО көп ұлтты кәсіпорындар үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы қаралатын өтініштер бойынша шешім қабылдайтын алқалы кеңесші орган болып табылады. ҰБО жұмысын ұйымдастыруды тиімді қамтамасыз ету мақсатында ҰБО Хатшылығы құрылды.

 

Хатшылықтың функцияларын "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ жүзеге асырады. ERI сонымен қатар Қазақстандағы ЭЫДҰ мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға жауапты ұйым ретінде де айқындалған.

 

 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: ЭЫДҰ бизнесті жауапты жүргізу бойынша ҰБО желісінің онлайн-кездесуі


ҰБО қызметі туралы толығырақ
мына сілтеме бойынша оқуға болады



Қарау саны: 2459
Сақталған: 01.07.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!