ERI ЭЫДҰ және ҰБО мәселелері бойынша

11.10.2021

"QazTextileIndustry" үшін ЭЫДҰ және ҰБО мәселелері бойынша ақпараттық-консультативтік вебинар

ERI сарапшылары ҚР-дың ЭЫДҰ-ға мүше елдермен өзара іс-қимылы мен әріптестігінің бағыттары, сондай-ақ ҚР-дағы ҰБО қызметі туралы айтып берді.

 

"Экономикалық зерттеулер институты "АҚ (ERI) өзін-өзі реттейтін ұйым "QazTextileIndustry" жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі" заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Одағы үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) және Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) мәселелері бойынша ақпараттық-консультативтік вебинар өткізді.

 

Онлайн-конференция жұмысына "QazTextileIndustry" басшылығы мен өкілдері қатысты.

 

Вебинардың бірінші блогы ERI орталығының жетекші сарапшысы Әлібек Райпов айтып берген Қазақстан мен ЭЫДҰ ынтымақтастығының негізгі аспектілері тақырыбына арналды.

 

Өз сөзінде спикер экономика тұрғысынан да, құқықтық жағынан да ҚР-дың ЭЫДҰ-ға мүше елдермен әріптестігінің бағыттары мен перспективаларын атап өтті.

 

Вебинардың екінші блогында Қазақстан ҰБО қызметі туралы ақпарат жарияланды, ол туралы ERI Орталығының аға сарапшысы Руслан Карбенов айтып берді.

 

Сөз сөйлеу шеңберінде ЭЫДҰ-ның еңбек және өндірістік қатынастар, бәсекелестік саласындағы Басшылық қағидаттарының аспектілері, сондай-ақ тұтынушылардың мүдделері, Қазақстандағы ҰБО-ның реттеуші ерекшеліктері, тараптардың ҰБО шешімдерін орындауына кейіннен мониторинг жүргізе отырып, өтініштерді қараудың процестік сәттері баяндалды.


Қорытындылай келе, вебинар спикерлері мен қатысушылары Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының маңыздылығын және Қазақстанның ҰБО жұмысының өзектілігін атап өтті.


 

"QazTextileIndustry" Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің 100-ден астам кәсіпорнын қамтиды.

 

 

_____


ЭЫДҰ-1948 жылы құрылған және өкілді демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаттарын мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ мақсаты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу болып табылады. 38 ел ЭЫДҰ мүшелері болып табылады. Қазақстан 2008 жылдан бері ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді.


 

Сондай-ақ оқыңыз: ЭЫДҰ бағыттары

 



Қарау саны: 2290
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!