ҰБО-ның
09.11.2021
ҰБО-ның Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесуі Бүгін, 9 қарашада Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) қазақстандық кеңсесі мен Қазақстанның Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімовамен кездесті. Кездесудің мақсаты-көп ұлтты кәсіпорындардың қызметінде адам құқықтарын сақтау шеңберінде өзара іс-қимылды жолға қою және бірлескен күш-жігерді үйлестіру. Кездесу барысында Әлішер Әбдіқадыров ҰБО бойынша жұмыс Қазақстан үшін үлкен маңызға ие екенін және осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауы мен осы қызметтегі ынтымақтастық оң серпін беретінін атап өтті. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) төрағасы Руслан Сұлтанов ҰБО жұмысының тетігін және ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарын тарату және жариялау бойынша алдағы жоспарларды, сондай-ақ ҰБО қызметін қалың жұртшылық арасында таныстырды. Өз кезегінде Эльвира Әзімова еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту жағдайында осы жұмыстың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҰБО мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасындағы ҰБО-ны және ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттарын ілгерілету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қою туралы шешім қабылдады.
Қарау саны: 2337 |
|
|