ҰБО-ның ҚАА-мен ынтымақтастығы
03.03.2022
ҚР Ұлттық байланыс орталығы Хатшылығының Қазақстанның Азаматтық Альянсымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жұмыс кездесуі2 наурызда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Ұлттық байланыс орталығының қазақстандық офисінің өкілдері Қазақстанның Азаматтық Альянсының директоры Мұрат Омашевпен кездесті.Кездесуде тараптар бірлескен ынтымақтастықтың басталуы мен оны одан әрі дамыту жолдарын талқылады. ERI өкілдері ҰБО мүмкіндіктері мен оның болашақ жобалары туралы айтып берді. Сонымен қатар, Қазақстанның Азаматтық Альянсымен Ұлттық Байланыс орталығын ілгерілету бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуге мүдделілік танытты. Өз тарапынан ҚАА директоры Мұрат Омашев альянстың жалпы жұмысы туралы хабардар етіп, ҰБО-мен ынтымақтастыққа мүдделілігін білдірді. Кездесу соңында тараптар Ұлттық байланыс орталығы мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы арасындағы болашақ бірлескен іс-қимылдар және жүйелі қарым-қатынастарды дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
——— 2021 жылғы 21 қазанда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Қазақстанның Азаматтық Альянсымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ — бүкіл ел бойынша 3000-нан астам коммерциялық емес ұйымдарды қамтитын неғұрлым ірі республикалық бірлестіктердің бірі. Сондай-ақ оқыңыз: ERI ҚАА-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қарау саны: 2212 |
|
|