ҰБО және "БеНиЛюкс" Сауда Палатасы
17.03.2022
Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығының Хатшылығы (ERI) мен"БеНиЛюкс" Сауда Палатасы арасында бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды Бүгін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов пен "БеНиЛюкс" Сауда Палатасының президенті Денис Ван ден Вейх ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарын ілгерілету және сақтау бойынша Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды. Жоспар Қазақстан Республикасының аумағында Ұлттық байланыс орталығының қызметін ілгерілету және ЭЫДҰ-ның көпұлтты компанияларға арналған Басшылық қағидаттарын тарату саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға бағытталған. "БеНиЛюкс" пен ERI арасындағы ынтымақтастық Қазақстанның ҰБО қызметін жаңа сапалы деңгейге көтеруге және ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын "іске асыру және енгізу" режиміне көшуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, бірлескен қызмет көпұлтты компаниялардың қызметкерлері үшін де, өзге де мүдделі тараптар үшін де әлеуметтік-экономикалық ұстанымдарды жақсарта отырып, ЭЫДҰ-ның табысты практикасының стандарттарын қамтитын ҚР нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауда көрініс табады деп күтілуде. Мәлімет үшін: "БеНиЛюкс Сауда Палатасы" Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі Бельгия және Нидерланды Корольдіктері елшіліктерінің, сондай-ақ Люксембург Ұлы Герцогтігінің бастамасы бойынша құрылды және 2021 жылғы 15 сәуірде ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Қазақстан Республикасының заңдары мен Қауымдастық Жарғысында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін өз мүшелерін біріктіретін коммерциялық емес ұйым бола отырып, БеНиЛюкс ҚР-да да, БеНиЛюкс елдерінде де шағын, орта және ірі бизнестің мүдделерін білдіреді, өз қызметімен кәсіпкерліктің барлық салаларын-өнеркәсіпті, ішкі және сыртқы сауданы, ауыл шаруашылығын, қаржы жүйесін қамтиды, қызметтер және т. б. ҰБО-ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлықпен күрес, пара алу және бопсалау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган. ҚР-да ҰБО Хатшылығының функцияларын "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ жүзеге асырады.
Қарау саны: 2207 |
|
|