ҰБО және Америкалық заңгерлер қауымдастығы

06.05.2022

5 мамырда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) қазақстандық кеңсесі Америкалық заңгерлер қауымдастығымен (ABA) кездесу өткізді

Кездесуге қатысушылар ҰБО-ның негізгі қызметімен және Америкалық заңгерлер қауымдастығы жұмысының жекелеген бағыттарымен танысты. 

Құқық үстемдігі (ABA ROLI) бастамасымен іске асырылатын Қазақстандағы құқық үстемдігі жөніндегі бағдарлама (2020-2025жж.) инвестициялық және іскерлік ахуалды, азаматтық қоғам ұйымдары үшін құқықтық ортаны жақсартуды қолдайды және сот жүйесін жаңғыртуға, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі мен кәсібилігін арттыру үшін орын алып отырған және болжанып отырған біржақтылықты жоюға бағытталған. Бағдарлама соттарға қоғамдық сенімді нығайтып, сот реформаларын жүзеге асыруға бағытталған сот жүйесін жаңғырту бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы 30 жылдық әріптестікке негізделеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар ҰБО мен АВА арасындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылауды жалғастыруға шешім қабылдады.

Анықтама үшін:

American Bar Association – АҚШ заңгерлерінің ұлттық бірлестігі. Атауына қарамастан, ол өзіне мүше ретінде америкалық заңгерлерді ғана емес, әлемнің басқа елдерінің заңгерлерін де қабылдайды, әлемдегі ең ірі қауымдастықтардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта ABA-да 400 мыңнан астам мүше бар. ABA-ның жеке мүшелерінің көпшілігі – адвокаттар. Бұдан басқа, мемлекеттік ведомстволардың заңгерлері, ғалым заңгерлер, заң жоғары оқу орындарының студенттері жеке мүшелер бола алады. Ұжымдық мүшелер ретінде ABA қызметіне 35-ке жуық мамандандырылған кәсіби заңгерлер ұйымы қатысады.


ҰБО  Көпұлтты кәсіпорындарға арналған ЭЫДҰ басқарушы қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлыққа, пара алуға және қорқытып алуға қарсы күрес, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган. 

ҚР-дағы ҰБО Хатшылығының функцияларын «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жүзеге асырады.

 

 

 



Қарау саны: 2091
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!