ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарын талдау жөніндегі консультациялық топ

13.05.2022

12 мамырда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Ұлттық байланыс орталығының қазақстандық кеңсесі  ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарын талдау бойынша консультациялық топтың бесінші отырысына қатысты.

Кеңес Кеңестің Шешімі мен Ұлттық байланыс орталықтарының желісін қадағалау жөніндегі Процедуралық басшылықтың ережелеріне арналды.

ЭЫДҰ Хатшылығы консультативтік топта талқылау мақсатында ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ережелерін (бұдан әрі — ЭЫДҰ Басшылық қағидаттары) ықтимал нысаналы жаңартулардың нұсқалары баяндалған жұмыс құжатын дайындады және ЭЫДҰ бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері мен қауымдасқан ұйымдарына, яғни ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарын ұстанушыларға ғана ұсынылды.

ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарының ережелерін ұсынылып отырған жаңартулардың мақсаттары:

  • ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарының тиімділігі мен функционалдық баламалылығын қолдау.
  • Ұлттық байланыс орталықтарының желісін қадағалау тетіктерін оңайлату, жүйелеу және нығайту.
  • Қадағалаудың өзара толықтыратын үш тетігінің айналасында жүйені ұйымдастыру:

 - сараптамалық бағалау;
— түсініктеме сұрау;
- негізделген ұсыныстар.

  • ЭЫДҰ Инвестициялық комитетінің, ЭЫДҰ Бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі жұмыс тобының, ЭЫДҰ Хатшылығының рөлін нақтылау.

Таныстырудан кейін Хатшылық жұмыс кеңесінің барлық қатысушыларымен ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарын талдау мәселесі бойынша пікірсайысқа бастамашылық етті, онда делегаттар болжамды жаңартулар туралы өз пікірлерін білдірді және ЭЫДҰ Басшылық қағидаттары ережелерінің тұжырымдамаларына түсініктемелер берді.

Іс-шара соңында қатысушылар кеңес барысында тиімді талқылаулар үшін алғыстарын білдірді.

 

Анықтамалық: 

ҰБО — ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлықпен күрес, пара алу және қорқытып алу, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган. 

ҚР-да ҰБО Хатшылығының функцияларын "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ жүзеге асырады. 

 




Қарау саны: 2051
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!