ЭЫДҰ ҰБО-ның институционалдық негізі жетілдірілді

17.07.2020

Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірлесіп Қазақстандағы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Ұлттық байланыс орталықтарының қызметін заңнамалық бекіту бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.

Жақында қазақстандықтар ірі компанияның әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты өтініш беру мүмкіндігіне ие болды. Біз қызметі бір мемлекеттің шеңберінен шығатын көпұлтты кәсіпорындар туралы айтып отырмыз. Азаматтардың назарына, осындай ұйымдардың жұмысы Ұлттық байланыс орталықтарымен (ҰБО) реттеледі.

Осылайша, елдің әрбір тұрғыны кәсіпорын тарапынан келесі салаларда құқық бұзушылық туралы хабарлай алады:
- ақпаратты ашу
- адам құқығы
- еңбек және өндірістік қатынастар
- қоршаған ортаны қорғау
- тұтынушылардың мүдделері
- ғылым және технологиялар
- бәсекелестік және салық салу
- парақорлық, параға жығу және бопсалау.

Өтініштер келесі ақпараттық арналар арқылы қабылданады:
- ҰБО Хатшылығының кеңсесі
- ҰБО және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің веб-сайты
- ҰБО колл-орталығы

Қорытындылар, сондай-ақ өтінішті қарау барысы туралы ақпарат economy.kz порталында ЭЫДҰ бөлімінде орналасқан ҰБО веб-сайтында орналастырылады   –  Бұл ретте ҰБО коммерциялық ақпаратты және тараптар үшін маңызды басқа да аспектілерді сақтауға кепілдік береді.






Қарау саны: 3089
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!