Жапония Үкіметінің қолдауымен БҰҰДБ жобаларын іске қосу жөніндегі кездесу
12.09.2022
9 қыркүйекте Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығының Хатшылығы - "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Жапония Үкіметінің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (бұдан әрі – БҰҰДБ) ұйымдастырған конференцияға қатысты.Конференция аясында ресми түрде екі жоба іске қосылды: "Қазақстан Республикасындағы бизнес және адам құқықтары" жаһандық жобасы (B+HR)" және "Қазақстанда климаттық ақылды агротехнологияларды ілгерілету". Климаттың өзгеруі жөніндегі жоба жаңартылатын энергия көздері мәселелері бойынша шағын және орта кәсіпорындарға бағытталған. Жапон компаниялары мен олардың жеткізушілерінің Қазақстандағы бизнесті жауапты жүргізу және адам құқықтары контекстінде тиісті сақтық рәсімдері талқыланды. Іс-шараның міндеттері: 1. Адам құқықтары аспектісінде кәсіпкерлік қызметтің Басшылық қағидаттары (БҰҰБҚ), Адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық рәсімдері (HRDD) және климаттың өзгеруі туралы хабардарлықты арттыру. 2. Бизнес және адам құқықтары мәселелері бойынша мүдделі тараптармен әріптестік және ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеу. 3. Жаңа климаттық қауіпсіз технологияларды енгізу жоспарын растау.
Іс-шара қорытындысы бойынша Тараптар бизнес, адам құқықтары және агротехнологиялар мәселелері бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасауға мүдделілігін атап өтті. Анықтамалық: Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) — көпұлтты кәсіпорындар үшін ЭЫДҰ басқарушы қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлықпен күрес, сатып алу және қорқытып алу, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган.
Қарау саны: 1843 |
|
|