Республикалық ғылыми-практикалық конференция
23.09.2022
ЭЫДҰ-этносаралық жанжалдардың алдын алу мен шешудегі негізгі құралдардың бірі 21 қыркүйекте Алматыда профессор М.М. Сужиковтың 90 жылдығына арналған "Жаңа Қазақстандағы этносаралық өзара іс-қимыл жағдайындағы мәдениет пен құндылықтар" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) қазақстандық Ұлттық байланыс орталығы Хатшылығының (бұдан әрі – ҰБО) басшысы Азиза Қасенова және ERI Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Долорес Тюлебекова қатысты. Баяндамада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы аясындағы этникалық қақтығыстарды ҰБО қызметі арқылы шешу тәжірибесі қарастырылды.
Қорытындылай келе, қатысушылар ЭЫДҰ этносаралық қақтығыстардың алдын алу және оны шешудің негізгі құралдарының бірі екенін атап өтті.
Анықтамалық: ЭЫДҰ —1948 жылы құрылған және өкілді демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаттарын мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ мақсаты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу болып табылады. 38 ел ЭЫДҰ мүшелері болып табылады. Қазақстан 2008 жылдан бері ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді. ҰБО — ЭЫДҰ ныңкөпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлықпен күрес, пара алу және қорқытып алу, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган.
Қарау саны: 1845 |
|
|