Экономикалық зерттеулер институтында Қазақстанның ҰБО-ның мерейтойлық конференциясы басталды

21.11.2022

Іс-шара ҚР-да ҰБО жұмыс істеуінің 10 жылдығына арналған.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:


"Қазақстан-Орталық Азия елдерінің аумағында бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын енгізген және оларды қолдану мен тарату процесіне белсенді қатысатын жалғыз ел. Елде бизнесті жүргізу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Кәсіпкерлер өз қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзара міндеттемелерді сақтауға тиіс. Мұнда жұмысшылар мен бизнес арасындағы дауларды медиация арқылы шешу мүмкіндігімен ҰБО үлкен рөл атқарады.

Сондай-ақ, тәжірибе алмасу және бірлесіп оқыту үшін басқа ҰБО-мен ынтымақтастықты жолға қоюды атап өтеміз. Сын-қатерлерге жауап іздеуде басқа елдерден әріптестеріміздің тәжірибесі маңызды. ҰБО қызметінің пәрменді және танымал тетігі-ашық халықаралық инвестициялық ахуалдың маңызды элементі".
 

Уильям Томпсон, ЭЫДҰ – Еуразия бөлімшесінің басшысы:


"Дәл осындай алаңдарда адам құқықтары, тұтынушылардың құқықтары, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланады. ҰБО-бұл сұрақтардың кең ауқымын көрсететін тетік. "Жол картасын" оқи отырып, сізде ҰБО институтын дамыту үшін өршіл жоспарларыңыз бар екенін түсіндім, бұл мені қатты қуантады. 2023 жылы ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде Қазақстанның ҰБО-ы бағаланатын болады".
 

Руслан Сұлтанов, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Басқарма төрағасы:


"ERI 2020 жылдан бастап Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығының Хатшылығы болып табылады. Осы 2 жыл ішінде біз ҰЭМ-мен бірлесіп ҰБО-ның жаңа құрылымын құру және бизнес-қоғамдастықпен, азаматтық қоғаммен, ғылыми ұйымдармен диалог орнату арқылы қоғамда ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттарын ілгерілету бойынша орасан зор жұмыс жасадық.

10-жылдыққа орай келісу және медиативтік рәсімдер бойынша тиімді алаңдардың экономикалық жүйелерін жаһандандыру және интеграциялау жағдайларында қажеттілікті зерттеу мен негіздеуге бағытталған "Қазақстан ҰБО: тәжірибе және даму перспективалары" монографиясы дайындалды. Жұмыс ғылыми тәсілге негізделген және қазірдің өзінде жасалған жұмысты бағалауға және осы тетікті одан әрі дамыту үшін жаңа қадамдар жасауға мүмкіндік береді".
 
ҰБО ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, қоршаған орта, парақорлыққа қарсы күрес және т.б. сияқты ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған бизнесті жауапты жүргізу бойынша  Басшылық қағидаттарының 11 бағыты бойынша бұзушылықтарды қарастыратынын атап кеткен жөн.


ҰБО алаңында медиативтік және келісу рәсімдері арқылы ҰБО-ны бизнес пен кәсіподақтар арасындағы жанжалдар мен дауларды соттан тыс шешу тетігі ретінде пайдалану жөніндегі ЭЫДҰ елдерінің табысты тәжірибесі бизнесті жауапты жүргізу қағидаттарын тарату бойынша қазіргі жағдайда оңтайлы және ұтымды шешім табуға мүмкіндік береді.


Қарау саны: 1881
Сақталған: 22.11.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!