ҰБО сарапшылары БҰҰДБ жобасы бойынша адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық мәселелеріне үйреніп шықты
23.11.2022
2022 жылғы 16-17 қараша аралығында Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) Хатшылығы жапон компаниялары, олардың жеткізушілері мен Қазақстандағы серіктестері үшін адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық саясатын жүргізу және іске асыру мәселелері бойынша оқыту тренингіне қатысты.
Оқыту Жапония Үкіметінің қолдауымен іске асырылатын бизнесті жауапты жүргізуді ілгерілету бойынша Қазақстанда БҰҰ Даму Бағдарламасының жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Тренингке қатысушылар арасында ірі қазақстандық компаниялардың (ҚазМұнайГаз, KEGOC, Қазатомөнеркәсіп және басқалар), сондай-ақ ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл орталығының, "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері бар. Оқытудың мақсаты-жапондық компаниялардың, олардың жеткізушілерінің және серіктестерінің өз компанияларында адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық саясатын әзірлеу және енгізу саласындағы әлеуетін арттыру. «Мен осы жобаның дамуын және адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық бойынша тренингтердің ұйымдастырылуын қуана бақылап отырамын және оң нәтижелерге үлкен үміт артамын. Өздеріңіз білетіндей, бизнес пен адам құқықтары мәселелерін шешуге бағытталған жаһандық күш-жігер күшейе түсуде. Өз бизнесін жаһандық ауқымда жүргізетін компаниялар үшін олардың корпоративтік қызметінің сәттілігінің кілті ретінде жаһандық жеткізу тізбектерінде тиісті сақтық саясатын енгізу маңызды бола түсуде. БҰҰДБ-ның бұл тренингі әрбір қатысушы үшін халықаралық стандарттарға сүйене отырып, Сіздің компанияңыз жұмыс істейтін елдердегі экономикалық жағдайға, мәдениетке және бизнес шындығына сәйкес келетін адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық саясатын қалай енгізу керектігін білуге жақсы мүмкіндік болады деп сенемін». Тренинг бағдарламасына "Бизнес және адам құқықтары" тұжырымдамасына шолу, адам құқықтары саласындағы тиісті сақтық қағидаттары, соның ішінде қақтығыстар кезінде адам құқықтары саласындағы жоғары тиісті сақтықты жүргізу үшін қолданыстағы құралдарды енгізу қажеттілігі, шағымдарды қарау тетіктері және жауапты жеткізу тізбектерінде адам құқықтарын басқару кірді. Тренинг барысында интерактивті сессиялар шеңберінде қатысушылар адам құқықтары бойынша тиісті сақтықты енгізу қағидаттарымен тәжірибеде танысып, проблемалық мәселелерді талқылап, адам құқықтарына қолайсыз әсерлерді анықтап, оларды жою жөнінде шаралар қабылдай алды. Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға қатысу туралы сертификаттар табысталды. Жапония Үкіметі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) "Жаһандық жеткізу тізбегіндегі адам құқықтары мәселелерінде тиісті сақтықты ынталандыруға ерекше назар аудара отырып, жауапты іскерлік мінез-құлықты ілгерілету және БҰҰ-ның әділ қалпына келтіру мүддесі үшін адам құқықтары аспектісіндегі кәсіпкерлік қызмет саласындағы нұсқаулықтарын тиімді пайдалану" атты жаңадан іске қосылған жоба аясында кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын қамтамасыз етудің жаһандық күн тәртібін ілгерілету үшін күш біріктірді. Қазақстан Республикасын қоса алғанда, 17 елде іске асырылатын жобалар адам құқықтары аспектісінде бизнесті жүргізудің ұлттық тұжырымдамасын ілгерілетуге және адам құқықтары мәселелерінде тиісті байқампаздықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың, жапон компанияларының, жеткізушілер мен серіктестердің қабілетін және түсінуін жақсарту жолымен жапон компаниялары мен олардың нысаналы елдердегі жеткізушілерінің жауапты бизнесінің практикасын нығайтуға бағытталған.
Қарау саны: 1773 |
|
|