Қазақстан ҰБО-ның сарапшылары Оңтүстік Корея ҰБО-ның өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді

02.12.2022

2022 жылғы 1 желтоқсанда Экономикалық зерттеулер институты (ERI) атынан Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) Хатшылығының Оңтүстік Кореяның Ұлттық байланыс орталығымен (Корея ҰБО) онлайн-кездесуі өтті.

Кездесуге қатысқандар:
- Әзиза Қасенова, ҰБО Хатшылығының басшысы 
- Долорес Тюлебекова, ERI Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры
- Аруна Тоқмағамбетова, Гүлім Сман және Әлия Мусина, Хатшылық қызметкерлері.

Корея ҰБО тарапынан Оңтүстік Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігінің (MOTIE) Шетелдік инвестициялар бөлімінің директоры Сон-Хо Ан және Корея ҰБО Хатшылығы қатысты.

Екі тарап Корея ҰБО-на келіп түскен нақты істі талқылады, онда корей әріптестері осы істі шешудегі өз ұстанымдарымен, күрделіліктерімен және үдерістерімен бөлісті. 

Өз кезегінде Қазақстан ҰБО бұл істі ел қағидатына сәйкес қарау ерекшеліктері туралы айтып берді. Сонымен қатар, мәліметтер үшін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің ерекшеліктері туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесу осы жағдайды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері мен проблемалары бойынша нәтижелі пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Қатысушылар ынтымақтастық үшін алғыстарын білдіріп, нақты жағдай бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін атап өтті, сондай-ақ мүдделі мәселелер мен одан әрі іс-қимылдар туралы қосымша хабарлауға келісті.



Анықтамалық: 

Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) – ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлыққа қарсы күрес, пара беру және бопсалау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым және технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган. 

Корея ҰБО- үкімет пен азаматтар бірлесіп қатысатын ұйым ретінде әрекет етеді. ҰБО сегіз комиссардан тұрады: төраға (Сауда, индустрия және энергетика министрлігінің Шетелдік инвестициялар жөніндегі Бас директоры), әртүрлі министрліктердің үш өкілі және сыртқы институттардың төрт өкілі (Индустриялық саясат жөніндегі зерттеу институты, Корея стандарттары қауымдастығы және профессорлар). ҰБО Хатшылығы Корей сауда төрелік кеңесі болып табылады.



Қарау саны: 1794
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!