Швеция мен Қазақстан арасында тәжірибемен алмасу
03.05.2023
2023 жылғы 28 сәуірде AstraZeneca швед медициналық компаниясының қолдауымен «Болашақ денсаулық сақтау: Швеция мен Қазақстан арасында денсаулық сақтау жүйесін басқару бойынша тәжірибемен алмасу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Денсаулық сақтау жүйесінің менеджментін жақсарту, сын-тегеуріндерге жақсы қарсы тұру және мүмкіндіктерді іздеу мақсатында Қазақстан мен Швеция медициналық көмектің сапасын бағалауға және пациенттерді емдеудің жаңа құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету тәсілін іздеуге көп көңіл бөледі. Осыған байланысты бұл кездесудің мақсаты біліммен және тәжірибемен алмасу болып табылады. Сонымен қатар, кездесу денсаулық сақтау жүйесін басқаруды оңтайландыру, қиындықтарға қарсы тұру және пациенттерді емдеудің жаңа әдістерін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін іздеу және осы мақсаттарға бюджетті тиімді бөлу мәселелеріне арналған. Кездесуге Швецияның Қазақстандағы Елшісі, Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы, сондай-ақ медицина және фармацевтика саласының басқа да өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан тарапынан Ұлттық байланыс орталығы Хатшылығының (бұдан әрі - ҰБО) қызметкерлері - ҰБО Басшысы А. Қасенова және жобалар бойынша талдамашы А. Мусина - қатысты. Кездесу барысында Швецияда денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру 3 деңгейге бөлінетіні атап өтті:
Сонымен қатар, Швеция өкілдері елдегі фармацевтикалық препараттардың санаттарын атап өтті:
Денсаулық сақтау вице-министрі Есенбаев Бейбіт Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі, әлеуметтік медициналық сақтандыру, медициналық ұйымдарды қаржыландыру және дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы айтты. Өз кезегінде ҰБО Хатшылығы халықаралық компанияларды, оның ішінде Қазақстанда жұмыс істейтін фармацевтикалық компанияларды ЭЫДҰ стандарттары бойынша бизнестің жауапты жүргізілуін сақтауға, диалогқа ықпал етуге және мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға шақырды. Қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар ақпараттық кездесу үшін алғыстарын білдіріп, кейінгі кездесулер үшін талқылау тақырыптарын атап өтті.
Қарау саны: 1362 |
|
|