ҰБО Хатшылығының ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанттарына арналған дәрісі
17.05.2023
2023 жылғы 12 мамырда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) атынан Ұлттық байланыс орталығының қазақстандық кеңсесі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанттары үшін онлайн ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді. Семинар барысында Қазақстан ҰБО Хатшылығының Басшысы Әзиза Қасенова, сондай-ақ Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Долорес Тюлебекова қатысушыларды Қазақстандағы Ұлттық байланыс орталығының функциялары мен қызметімен таныстырды, бизнесті жауапты жүргізу стандарттары және ЭЫДҰ-ның көпұлтты компанияларға арналған Басшылық қағидаттарының ұсыныстары туралы айтып берді. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибедегі дауларды бейбіт жолмен шешудің сәтті жағдайлары талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша тараптар ҰБО мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға шешім қабылдады және семинарға қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық байқалды. Анықтамалық: ҰБО - ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттары ережелерінің бұзылуы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлыққа қарсы күрес, пара беру және бопсалау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері туралы қаралатын өтініштер бойынша шешім қабылдайтын алқалы кеңесші орган.
Қарау саны: 1296 |
|
|