БҰҰ-ның Орталық Азиядағы бизнес және адам құқықтары саласындағы басшылық қағидаттарының іске асырылу мәртебесі

01.06.2023

2023 жылғы 25 мамырда "БҰҰ-ның Орталық Азиядағы бизнес және адам құқықтары саласындағы басшылық қағидаттарының іске асырылу мәртебесі: БҰҰДБ шолу зерттеуінің таныстырылымы" тақырыбында вебинар өтті. 

Вебинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық байланыс орталығы Хатшылығының қызметкерлері Мусина Әлия мен Сман Гүлім қатысты. Вебинардың мақсаты-БҰҰ-ның Басшылық қағидаттарын іске асыру туралы өңірдегі барлық мүдделі тараптардың хабардарлығын арттыру және Бизнес пен адам құқықтары мәселелері бойынша ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу және қабылдау арқылы өңірдегі бизнес пен адам құқықтарының күн тәртібін ілгерілету қажеттігін атап өту.
 
Вебинар аясында Адам құқықтары саласындағы саясат жөніндегі маман Айнура Беккоенова сөз сөйлеп, Орталық Азиядағы бизнес және адам құқықтары мәселелері бойынша өңірлік үрдістер туралы айтты.
 
ВОл өз сөзінде 2022 жылы БҰҰДБ Стамбул Өңірлік хабы Еуропа мен Орталық Азияның 18 елі мен аумағындағы бизнес пен адам құқықтары саласындағы ағымдағы жағдай туралы карта жасауға бағытталған шолу зерттеуін жариялағанын атап өтті. 

Зерттеу сонымен қатар мыналарды қамтиды: 
  • БҰҰ Басшылық қағидаттарының I бағанына сәйкес БҰҰ-ға мүше елдердің адам құқықтарын қорғаудағы міндеттемелері; 
  • БҰҰ Басшылық қағидаттарының II бағанына сәйкес өңірдегі корпоративтік сектордың сын-тегеуріндері мен үздік тәжірибелері; 
  • БҰҰ Басшылық қағидаттарының III бағаны шеңберінде бизнеске байланысты адам құқықтарын бұзғаны үшін құқықтық қорғау құралдарына қол жеткізу және жауапқа тарту тәсілдері; 
  • бизнес және адам құқықтары саласындағы өңірлік үрдістер;
  • өңірдегі "Бизнес және адам құқықтары" күн тәртібін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар; 
  • Украинадағы қақтығыстың өңірге әсері.

Сондай - ақ, вебинар аясында бизнес және адам құқықтары жөніндегі маман Синиша Милатович, сонымен бірге корпоративтік басқару, құқықтық қорғау құралдары және БҰҰ басшылық қағидаттары жөніндегі программист-маман Миндиа Вашакмадзе сөз сөйледі. Сөз сөйлеуші спикерлер адам құқықтарын сақтау және құқықтық қорғау құралдарына қол жеткізу үшін корпоративтік жауапкершілікке қатысты мәселелерді қарады.

Вебинар Жапония Үкіметінің қолдауымен Қазақстанда БҰҰДБ жүзеге асыратын "Жаһандық жеткізу тізбегіндегі адам құқықтары туралы тиісті сақтықты ілгерілетуге және адам құқықтары аспектісінде кәсіпкерлік қызмет саласындағы БҰҰ-ның Басшылық қағидаттарын әділ қалпына келтіру үшін пайдалануға ерекше назар аудара отырып, БЖЖ-ны ілгерілету" жобасы шеңберінде хабардарлықты арттыру жөніндегі іс-шаралардың бір бөлігі болып табылатынын атап кеткен жөн.

Өз кезегінде, БҰҰ-ның бизнес және адам құқықтары саласындағы басшылық қағидаттары, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарында "Адам құқықтары" сияқты құралдарды іске асыру кәсіпкерлік қызметпен байланысты адам құқықтарына, оның ішінде Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы сияқты тетік шеңберінде жағымсыз әсерлердің алдын алуға, оларды жұмсартуға және жоюға жәрдемдесетін болады.

Вебинар аяқталғаннан кейін қатысушылар пікір алмасып, Бизнес және адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеуді жеделдету үшін қандай қосымша әрекеттер қажет екенін талқылай алды.  

Соңында қатысушылар жемісті және қызықты пікірталас үшін алғыстарын білдірді. 





Қарау саны: 1231
Сақталған: 01.06.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!