ҰБО және Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы
20.07.2023
2023 жылғы 20 шілдеде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) атынан ҚР Ұлттық байланыс орталығының Хатшылығы (бұдан әрі – ҰБО) Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге ҰБО тарапынан ҰБО Хатшылығының Басшысы - Директор А. Қасенова, Орталық директорының орынбасары И. Бейсекеева, жетекші сарапшы Г. Мақанова және жобалар бойынша ассистент А. Мусина қатысты. Басқарманың атынан басшы орынбасары К. Н. Нұрқасымов қатысты. Кездесу аясында Хатшылық өкілдері Қазақстан ҰБО-ның ағымдағы жұмысы, қызметі мен жұмыс істеуі және ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттары туралы айтып берді. Өз тарапынан К. Н.Нұрқасымов Хатшылықты Инвестициялар тарту басқармасының ағымдағы жұмысымен, шетелдік инвесторлармен жүргізілетін жұмыстармен, сондай-ақ Алматы қаласында орналасқан көпұлтты кәсіпорындардың қызметімен таныстырды. Соңында тараптар кәсіпкерлік және инвестициялар мәселелеріндегі проблемалық сұрақтарды талқылады, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын ілгерілету бойынша бірлескен жұмыс туралы уағдаласты. Ұлттық байланыс орталығы- ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттары ережелерінің бұзылуы туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлыққа қарсы күрес, пара беру және бопсалау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер негізінде шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган. ERI ҚР Ұлттық экономика министрлігі атынан 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан ҰБО-ның Хатшылығы болып белгіленді. "Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму, агроөнеркәсіптік кешен және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қарау саны: 1249 |
|
|