ҰБО және Алматы қаласының Индустриялық аймағы

21.07.2023

2023 жылғы 21 шілдеде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) атынан Ұлттық байланыс орталығының (бұдан әрі – ҰБО) Хатшылығы  Алматы қаласының Индустриялық аймағы (бұдан әрі – Индустриялық аймақ) өкілдерімен кездесу өткізді.
 
Кездесуге ҰБО тарапынан ҰБО Хатшылығының Басшысы А. Қасенова, Орталық директорының орынбасары И. Бейсекеева, жетекші сарапшы Г. Маканова және жобалар бойынша ассистент А. Мусина қатысты.
 
Индустриялық аймақ тарапынан Бас директордың орынбасары А.Абдамит және Индустриялық аймақ шеңберінде жобаларды іске асыратын бірқатар кәсіпорындар (онлайн, бұдан әрі - резиденттер) қатысты.

Кездесу аясында Хатшылық өкілдері Қазақстан ҰБО-ның ағымдағы жұмысы, қызметі және жұмыс істеуі туралы айтып берді, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның халықаралық стандарттарына және ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Өз кезегінде А. Абдамит Индустриялық аймақтың қызметімен таныстырды. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Индустриялық аймақта 2016-2022 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 124,3 млрд. теңгеге 3 314 жұмыс орны бар 27 жоба іске асырылды, 2023 жылы 17,5 млрд.теңге сомасына 10 жоба пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Индустриялық аймақ шеңберінде инженерлік қауіпсіздік жүйелерін шығару (Жапония), желатин өндіру (Түркия), полиэтилен құбырлары мен тамшылатып суару желілерін өндіру (Израиль), медициналық мақсаттағы диагностикалық сынақтарды өндіру (Бо лгария) және т. б. сияқты шетелдік қатысумен жобалар іске асырылуда.

Сондай-ақ, резиденттер ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын және дауларды медиативтік жолмен шешу тәсілдерін қолдануға мүдделілік білдірді.

Қорытындылай келе, тараптар озық халықаралық тәжірибелерге сәйкес бизнесті жауапты жүргізу үшін жағдай жасау үшін ЭЫДҰ ұсынған стандарттарды одан әрі зерделеуге қызығушылық танытты.

Ұлттық байланыс орталығы- ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттары ережелерінің бұзылуы туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлыққа қарсы күрес, пара беру және бопсалау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер негізінде шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган.

ERI ҚР Ұлттық экономика министрлігі атынан 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан ҰБО-ның Хатшылығы болып белгіленді.

Алматы қаласының Индустриялық аймағы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына және Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес құрылды. Индустриялық аймақтың жұмыс істеуі Кәсіпкерлік кодекспен және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасымен айқындалған.

Индустриялық аймақ жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған және Алматы қаласында өнеркәсіптің басым салаларын (машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика, химия өнеркәсібі, логистика, құрылыс материалдарын өндіру) дамытуға арналған. Бұл ретте өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаланың тұрғын аудандарынан көшіруге, технологиялық, инновациялық өнім шығаруға, импортты алмастыруға бағытталған инвестициялық жобаларға басымдық беріледі.




Қарау саны: 1360
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!