Алматы қаласы бойынша Қазақстанның Азаматтық Альянсының өңірлік көшбасшыларына арналған ҰБО көшпелі семинары
17.07.2023
2023 жылғы 17 шілдеде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) атынан Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) Хатшылығы Алматы қаласы бойынша "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ өңірлік көшбасшылары үшін көшпелі семинар өткізді. Семинар аясында ҰБО Хатшылығының өкілдері Қазақстан ҰБО-ның ағымдағы жұмысы, қызметі және жұмыс істеуі туралы айтып берді. Барлық кәсіпорындар құқықтық мәртебесіне, мөлшеріне, меншік нысанына немесе секторына қарамастан өз қызметінің жағымсыз салдарларынан аулақ болуға және өз қызметін жүзеге асыратын елдердің орнықты дамуына үлес қоса отырып, оларды жоюға тиіс екендігі туралы бизнестің жауапты жүргізілуімен (БЖЖ) толығырақ бөлісті. БЖЖ көмегімен бизнес экономикалық өсу мен дамуға оң үлес қоса алады. Қазіргі уақытта ҰБО Хатшылығында ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттары ережелерінің бұзылуына тексерулер жүргізілген алты нақты жағдай бар. Сондай-ақ Хатшылық ҰБО-ға өтініш беру тәсілдеріне, сондай-ақ оларды қарау әдістеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қатар, Хатшылық ірі әлемдік көпұлтты кәсіпорындарға қатысты басқа да ҰБО-дың өтініштерді қарау тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде өңірлік көшбасшылар ҰБО тетігіне қызығушылық білдіріп, Алматы өңірі мен Алматы облысы бойынша көпұлтты кәсіпорындардың едәуір саны бар екенін және жұмыс істейтінін атап өтті. Осылайша, халықты құқықтық қорғаудың тағы бір құралының жұмыс істеуі өңірлік көшбасшылар тарапынан оң қабылданды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар танымдық кездесу өткізгені үшін алғыс айтып, одан әрі бірлескен ынтымақтастық қажеттігін атап өтті. Анықтамалық: Ұлттық байланыс орталығы- ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттары ережелерінің бұзылуы туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлыққа қарсы күрес, пара беру және бопсалау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер негізінде шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган. Қазақстанның Азаматтық Альянсы азаматтық қоғамды дамытуға және қоғам, билік пен бизнес арасындағы орнықты өзара іс-қимыл мен әріптестікті қалыптастыруға бағытталған.
Қарау саны: 1225 |
|
|