ҰБО және Қазақстан Жастарының Одағы
04.08.2023
2023 жылғы 4 тамызда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) атынан Ұлттық байланыс орталығының Хатшылығы (бұдан әрі – Хатшылық, ҰБО) Алматы қаласында Қазақстан Жастарының Одағымен (бұдан әрі - Одақ) кездесу өткізді. ҰБО Хатшылығын Басқарма төрағасының орынбасары Ә. М. Құсманов таныстырды. Кездесу аясында Ә. М. Құсманов Қазақстан ҰБО-ның қызметі, оның тарихы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, оның жұмыс істеу кезеңіндегі құрылымы мен жинаған тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, ол ҰБО-ға келіп түскен өтініштерді қарау шеңберінде медиация рәсімінің маңыздылығын атап өтті. Өз тарапынан Одақ өкілдері ҰБО шеңберіндегі дауларды шешу тетігіне қызығушылық танытты. Медиация және келіссөздер мәселелеріне, сондай-ақ ҰБО-ның белгілі көпұлтты кәсіпорындармен дауларды шешудегі тәжірибесіне көп көңіл бөлінді. Қорытындылай келе, Одақ өткізілген кездесу үшін, сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибелерін одан әрі зерттеуге қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдірді. Анықтамалық: ҰБО — ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттары ережелерінің бұзылуы туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлыққа қарсы күрес, пара беру және бопсалау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер негізінде шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган.
Қарау саны: 1228 |
|
|