Қазақстан ҰБО-сы және ЭЫДҰ
04.08.2023
2023 жылғы 4 тамызда ҰБО Хатшылығы мен Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің ЭЫДҰ Хатшылығының Бизнесті жауапты жүргізу мәселелері жөніндегі орталығының талдаушысы Эмили Холстедпен ҰБО сараптамалық бағалау мәселелері бойынша онлайн форматта кездесуі өтті. Кездесу аясында Э. Холстед сараптамалық бағалау рәсімдерімен таныстырды және бағалау шеңберіндегі рөлдер мен міндеттер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Осылайша, бағалау үш кезеңге бөлінеді:
Сараптамалық тексерудің мақсаттары ҰБО-ның күшті жақтары мен оң нәтижелерін айқындау, жақсарту бойынша ұсынымдар беру және ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттарын енгізуге және таратуға көмектесе отырып, ҰБО-ның функционалдық баламалылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, тараптар 2023 жылғы 24-26 қазанда өтетін ЭЫДҰ сараптамалық бағалау тобының алдағы сапарын бөлек талқылады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес тікелей сапармен ЭЫДҰ қызметкерлері, сондай-ақ Франция, Оңтүстік Корея және Египет ҰБО өкілдері келеді. Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстанның ҰБО-на қойылатын талаптар, сапар алдында және одан әрі іс-қимыл жасау үшін қандай негізгі материалдар мен есептерді ұсыну қажет екендігі атап өтілді. Мысалы, ҰБО Қазақстанда ҰБО жұмыс істей бастаған сәттен бастап белсенді түрде насихаттайтын ақпараттық және жарнамалық қызметке қатысты ақпарат беру аталған талап тармақтарының бірі болып табылады. Оның ішінде ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттарын және соған байланысты тиісті сақтық бойынша ұсынымдарды, сондай-ақ ҰБО-ның жұмыс істеуі туралы ақпаратты мүдделі тараптарға тарату үшін қандай әдістер қолданылатыны талқыланды. Тұтастай алғанда, талқылау сәтті өткенін және екі тарап та қызығушылық танытқан сұрақтарды қоюға және қажетті құжаттарды дайындау процесін бастау үшін қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік алғанын атап өткен жөн.
Қарау саны: 1259 |
|
|