Институт мамандары ЕҰУ студенттеріне арнап дәріс оқыды
13.11.2023
7-қарашада «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атынан Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығының Хатшылығы (әрі қарай – Хатшылық, ҰБО) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Саясаттану» мамандығының 4 курс студенттеріне «Саяси медиация» пәні аясында дәріс оқыды. Лекторлар Хатшылық қызметкерлері Мусина А. және Сман Г. Дәріс барысында келесі мәселелер талқыланды:
Өз кезегінде студенттер ҰБО-ның азаматтық қоғам үшін рөлі, нақты істерді қарау механизмі және т.б. сұрақтар алды, оларға жан-жақты жауаптар алынды. Айта кету керек, ҰБО міндеттерінің бірі халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда ЭЫДҰ-ның қызметін ҰБО мәселелері бойынша ақпараттық ілгерілету, сондай-ақ жастар арасында хабардар болу деңгейін кеңінен арттыру. Бұл міндетке қол жеткізу үшін гуманитарлық ғылымдар студенттерін ҰБО құралдарын пайдаланушылар және халықаралық стандарттарды одан әрі енгізуге ықтимал қатысушылар ретінде тарту маңызды. Дәрістің қорытындысы бойынша студенттер ҰБО қызметінің өзектілігін және жоғары қызығушылықты атап өтті.
Қарау саны: 993 |
|
|