ҰБО және корпоративтік басқару

16.02.2024

7-ақпанда Ұлттық байланыс орталығының Қазақстандағы өкілдігі (бұдан әрі – Хатшылық, ҰБО) Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өзін-өзі реттеуді дамыту комитетінің төрағасы Никитинская Е.С.кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде Қазақстандағы корпоративтік басқаруды дамыту және ілгерілету, көпұлтты кәсіпорындар үшін жауапты бизнес жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды қамтитын ақпаратты зерттеу сияқты мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ ашық акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқару стандарттарын енгізу және дамыту арқылы корпоративтік басқару стратегиясын жетілдіру мүмкіндігі мен қажеттілігін қарастыру туралы сұрақтар қойылды. Өз кезегінде Никитинская Е.С. ҰБО қызметіне қызығушылық танытып, кәсіпорындардың корпоративтік дамуы жауапты бизнес жүргізу стандарттарын енгізу қажеттілігіне әкелетінін, соның нәтижесінде жалпы корпоративтік басқарудың сапасы мен мәдениетін арттыруға әкелетінін атап өтті.
 
Кездесу соңында қатысушылар нәтижелі әңгіме үшін бір-біріне алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта бірлескен ынтымақтастық туралы уағдаласты.




Қарау саны: 740
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!