БҰҰ Басшылық қағидаттарын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметтегі адам құқықтарын қорғау жолдары талқыланды
26.02.2025
![]() Отырыста жұмыс тобының алдыңғы кездесулері барысында адам құқықтарын кәсіпкерлік қызметте сақтау жөніндегі алдын ала әзірленген ұсынымдар ұсынылды. Сондай-ақ, Ұлттық базалық бағалау нәтижелеріне сүйене отырып, заңнаманы жетілдіру және бизнес ортасындағы құқықтарды қорғаудың практикалық тетіктерін дамыту бағыттары талқыланды. Талқылауға ұсынылған негізгі ұсынымдардың қатарында: • кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын сақтау үшін тиісті зерделеу (due diligence) тетіктерін енгізу; • жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру; • компаниялардың халықаралық стандарттар мен оларды іске асыру шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттыру; • мемлекеттік сатып алулар мен инвестициялық келісімшарттар жүйесіне тиісті зерделеу талаптарын интеграциялау; • кәсіпорын деңгейінде адам құқықтары саласындағы саясатты әзірлеу және енгізу; • Ұлттық байланыс орталығын (ҰБО) медиация жүйесіне енгізу; • бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тетіктерін дамыту; • шағымдарды қараудың ашық жүйесін енгізу және адам құқықтары бойынша корпоративтік рәсімдерді қалыптастыру қарастырылды. Бұдан бөлек, бизнес пен мемлекеттік құрылымдарға арналған адам құқықтарын сақтау саласындағы құзыреттерді арттыруға бағытталған оқу бағдарламалары мен практикалық ұсынымдар әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді. Ұсынымдар Қазақстанда орнықты және жауапты бизнес ортаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік органдармен, бизнес қауымдастықтарымен және халықаралық серіктестермен кеңесу форматында жалғасады. Алдағы уақытта мүдделі тараптардың ұстанымдары қалыптастырылып, олардың негізінде түпкілікті шешім қабылдануы жоспарланып отыр. Кәсіпкерлік қызметтегі адам құқықтарын қорғауға арналған ұлттық заңнаманы және практикалық тетіктерді жетілдірудің негізін құрайтын егжей-тегжейлі ұсынымдарды әзірлеу жұмысы аяқталмақ.
Қарау саны: 1 |
|
|